Ағылшынша ән айтамын деп сынға қалған Қайратты Ләйлә Сұлтанқызы жақтап шықты
Опубликовано:
Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен қослыып орындаған су жаңа ағылшынша әні көпшіліктің көңілінен шықпай, сынға ұшыраған болатын. Алайда отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әншіге қолдау білдіріп, жақтап шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тележүргізуші түріктің де әнін тыңдайтынымызды еске салды.
"Жап-жақсы әнді быт-шыт деу не масқара? Жарайды, акцент бар шығар. Жарайды сіздерге Қайраттың ағылшынша айтқаны ұнамаған шығар. Қараңыздаршы, Тарканды түрікше акцентпен тыңдаймыз ғой. Арашты да, үндісті де, кәрісті де бәрін тыңдай береміз.
Ал Қайратты неге тыңдай алмаймыз? Менің ойымша, бұл тыңдарманның комплексі сияқты. Жарайсың, Қайрат. Ағылшын тілінде альбомыңды шығаруыңа тілектеспін", - деп жазды Instagram парақшасында Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736242-agylsynsa-n-ajtamyn-dep-synga-kalgan-kajratty-ljl-sltankyzy-zaktap-sykty/