Хит әнімен талайлардың жүрегін жаулаған отандық әнші сүйіктісін көрсетті (фото)
Опубликовано:
Осыдан біраз уақыт бұрын шу шығарған "Самая вышканың" авторларының бірі өз сүйіктісін көрсетті. Раим жүрегін жаулаған аруға сезімге толы жазба арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Раим жас арумен құшақтаса түскен суретін жариялап, астына: "Өмірдегі мақсатымыз ағыспен ағу емес, жағаны табу" деген ғой.
Менің махаббат жағалауым – өзіңсің! Өмір мені адастырмай, алаңдатпай, өзіңді мәңгі сүюге, аялауға мүмкіндік берсін", - деп жазып қойды.
Ал желі қолданушылары сүйікті "хитменіне" бақыт тіледі.
"Бақытты бол", "Керемет", "Әдемі жарасасыңдар" деді оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736728-hit-nimen-talajlardy-zregin-zaulagan-otandyk-nsi-sjiktisin-krsetti-foto/