Мұхтар Шаханов телеарнаны жаулап алған мағынасыз әндерді сынға алды (видео)

Опубликовано:

Танымал ақын Мұхтар Шаханов телеарнаны жаулаған мағынасыз әндер мен әншілерді сынға алды. Ақын қоғамдағы ең бай адамдардың әншілер екенін айтып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Шаханов әндердің сөзін ақындар емес, әншілердің өзі жаза салатын күйге жеткенін ашына баяндады.

"Телеарнаны басып қалсаңыз болды, жеңіл әндер шыға келеді. Мағына жоқ. Мазмұн жоқ. Сөздерін де өздері жаза салған. Қазіргі таңда қоғамда ең бай адамдар - əншілер. Əншілер ғана даңқ биігінде. Әрқайсысының бірнеше қабат үлкен үйі бар. Ең сорлап қалған әншінің өзінде екі үй бар", - деді Шаханов.

Айта кетейік, бұл видеоны көрген желі қолданушылары ақынның бұл сөзін қолдайтындарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736791-mhtar-sahanov-telearnany-zaulap-algan-magynasyz-nderdi-synga-aldy-video/