"Онсыз өмір жоқ": Қайрат Нұртас келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады
Опубликовано:
Танымал хитмен, төрт баланың әкесі Қайрат Нұртас "Open air 2018" жобасы барысында жары Жұлдызсыз өмір сүре алмайтынын мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өзін мақтай алмайтынын айтып, келіншегі Жұлдызды мақтай жөнелді.
"Өз-өзімді сыйпаттай алмаймын. Жұлдыз сабырлы, әдемі. Жұлдызсыз өмір сүре алмаймын шынымды айтсам. Оған барлық сөз жарасады", - деп ағынан жарылды әнші.
Сондай-ақ, ол өзінің кемшіліктері туралы да айтып берді.
"Жаман жағым, көрген адамға барлық сырымды ашып тастаймын. Ал жақсы жағымды айтпай-ақ қояйын. Халық өзі біле жатар", - деді Қайрат Нұртас.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736795-onsyz-mir-zok-kajrat-nrtas-kelinsegin-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/