Мақпал Жүнісова өзіне қоқан-лоққы жасаған азаматтардың ісін әшкереледі

Опубликовано:

Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзін видеоға түсіріп алып, оны өшіру үшін ақша талап еткен қазақ азаматтарының ісін ашына айтып берді. Әнші өзінен көлік әперуді сұрап, қоқан-лоққы көрсеткен ер адамдарың теріс әрекеттері жайлы "Таңшолпан" бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото: qamshy.kz
Мақпал Жүнісова. Фото: qamshy.kz: UGC

Жүргізушілердің "Ашуланасыз ба?" деген сұрағына әнші шынайы жауап берген.

"Менің арыма тиетін орынсыз сөздер айтылса, қатты кетіп қалатын кездерім бар. Намыс деген бірінші орында тұрады. Бір уақыттар болды. Менің видеомды Youtube парақшасына салып, менен ақша, көлік сұрап жүрген. Өзіміздің қазақ бауырларымыз ғой.

Менің тамағым отырып қалған. Соны түсіріп алған. Мен түнімен 25 ән салып, дауыс қарлығып қалған. Сол күні Павлодардың аэропортына концерттен кейін кешігіп жетіп, аэропорт қызметкерлері мені ұшақтан сүйреп шығарып тастаған. Бір қарасам сөмкемді шығарып қойыпты. Мен сөйлей алмаймын, дауыс қарлығып шығып тұр. Шыдай алмай боқтап жібердім. Кінәлімін. Олар соны түсіріп алып, "Ішіп алған", "Мас екен" деп салып жіберген", - деді Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1736834-makpal-znisova-zine-kokan-lokky-zasagan-azamattardy-isin-skereledi/