Баян Алагөзова қызының той күнін белгілегенін мәлімдеді

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын Баян Алагөзованың қызы Айсәулеге сүйіктісі сезімін білдіріп, "менің ханшайымым болсың ба" сөз салған еді. Оқырмандарының сұрағына жауап берген Баян қызына дүркіретіп той жасайтын уақытты айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Алагөзова. Фото-коллаж: NUR.KZ
Баян Алагөзова. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Алагөзова Instagram парақшасы арқылы оқырмандары қойған сауалдарына жауап қайтарды.

Желі қолданушылары Алагөзованың жеке басы мен отбасына, продюсерлігіне қатысты сан түрлі сауал жолдап үлгерген.

Бұл сұрақтардың арасында Баянның тұңғышы Айсәуленің тойына қатысты сұрақтар да бар. Алагөзова көпшілікке қызының тойы тамыз айында болатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, продюсер әр оқырманына жауап қайтарғанымен, пікірлерді қайтадан өшіріп үлгерді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737299-baan-alagzova-kyzyny-toj-knin-belgilegenin-mlimdedi/