Мәдина Сәдуақасова ұлы қазақша сөйлемейді деп сөккендерге жауап берді
Опубликовано:
Отандық әнші Мәдина Сәдуақасова ресейлік әншіге сәлемдесемін деп ұятқа қалып, артынша бұл іске қатысты түсініктеме берген еді. Бұл жолы әнші өзінің жалғыз ұлына қазақша үйретпегені үшін желі қолданушыларынан сөз естіп қалды деп жазады NUR.KZ.

Сәдуақасова әлеуметтік желіде өзіне келетін көптеген сұрақтардың баласына қатысты екенін айта келіп, оқырман көкейіндегі сауалға Instagram арқылы жауап берген.
"Маған "Балаңыз неге орысша сөйледі" деген көп сұрақ келеді. Әнуар расында көбірек орысша сөйледі. Мультфильм, youtube, тағы осындай бағдарламаларды көргеннен болар. Біз баланы бес жасқа дейін еркін, ерке ғып өсіреміз деп шештік. Үй ішімен балаға ұрыспаймыз. Зорлап ештеңе үйретпейміз. Ал кейін бағыт беріп, қатаңдау қарап, айтып түсіндіреміз. Ал қазақша үйренбей қайда барады, құрсын. Әке шешесі, ата-әжелері, барлық туысқандары қазақша сөйлейді. Балабақшаға қазақ группасына барады. Оны еш уайымдамаймын", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737665-mdina-sduakasova-ly-kazaksa-sjlemejdi-dep-skkenderge-zauap-berdi/