Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар өмірін күрт өзгерткен жол апаты жайлы жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Отандық әнші Тамара Асардың өмірінде орын алған жол апаты жайында көпшілік білгенімен, оның жай-жапсарынан хабарсыз. Әнші қайғылы оқиғаға 20 жасында тап болғанын және тұрмысқа жол апатынан соң шыққанын мәлім етті деп хабарлайды "The эфир" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тамара Асар. Фото:svadba.kz
Тамара Асар. Фото:svadba.kz: UGC

Әнші жарымен ертеректе танысқанын, жол апатынан соң Саматқа (күйеуі) тұрмысқа шыққанын, жарының 30 жасында өмірден өткенін баяндап берді.

"Ол шетелде, мен Алматыда оқыдым. Енді-енді танылып келе жатқанда, ауылға тойға барып, жол апатына түсемін. Жұлынған аяғым ұшып келіп, алдыма түседі. Мен оны сөмкеме салып, көліктің артына салып қоям. Ішіме кіріп кеткен темірді сурып алып, оны да шубама орап үлгерем. Сондағы бар тілегім, мұны әкем мен ағам көрмесе екен дегенім. Орнымнан да ағам үшін тұрдым. Себебі рөлде сол кісі отырған еді.

Ал Самат сол уақытта хабарсыз кетті. Ал мен оны "осы жағдайға түскенімді естіп, келмеді" деп ренжідім. Ол кезде телефон деген дүние жоқ. Содан Саматтың анасы мені іздеп келді. Содан кейін Саматпен қайта араластым", - деді ағынан жарылған әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737695-tamara-asar-mirin-krt-zgertken-zol-apaty-zajly-zan-syrymen-blisti/

pixel