Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақованы сипалап клип түсірген қазақ жігіттерін Бағлан Әбдірайымов сөгіп тастады

Опубликовано:

Атышулы Байзақовамен "Қалаулым" бейнебаянын түсіріп, артынша "Қылықтым" деп әндеткен "Alem band" тобын Бағлан Әбдірайымов сынап тастады. Көз алдында өскен бозбалалардың бұл қылығына "Жігіттер" тобының әншісі наразы екенін мысқыл арқылы жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әбдірайымов пен "Alem band". Фото:Mod.kz, Instagram. Коллаж: NUR.KZ.
Әбдірайымов пен "Alem band". Фото:Mod.kz, Instagram. Коллаж: NUR.KZ.: UGC

Әнші бұл бейнебаянның сапасы жайлы астарлап жеткізген. Әбдірайымовтың бұл кекесінін жақсы түсінген көпшілік түрлі пікір білдірді.

"Еркош, аузыңнан ана сүті дәмі кетпеген, буыны қатпаған, сары ауыз балапан едің. Қазір Байзақовамен клипке түсіп, көтенін сипап, жігіт болыпсың. Қасыңдағы жігіттерді де құттықтап қой. Ата - аналарыңның ағайын - туыс алдында беделдері артып, "міне біздің балаларымыз" деп мақтанып жатқан болар, иә? Рухани жаңғыру аясында руханиятымызды дамытуға қосқан үлестерің үшін алғыс айтамын. Отбасымызбен дастархан басында сүйсініп, тамашалайтын клип екен", - деді әнші.

Бұл жазбаны оқырмандар да қолдай кетті.

"Сөздің астарын түсінсе жақсы ғой", "Аға дұрыс айттыңыз", "Сын түзелмей, мін түзелмейді", "Атағын шығарудың бір жолы ғой", "Алдыңғы буынның осылай ескерту жасап тұрғаны жақсы ғой", "Жарайсыз, аға. Сөзіңізбен толықтай келісеміз" деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737758-bajzakovany-sipalap-klip-tsirgen-kazak-zigitterin-baglan-bdirajymov-sgip-tastady/

pixel