Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 20 жас кіші қызға үйленген отандық әнші тойын дүркіретіп өткізді (фото)

Опубликовано:

Танымал отандық әнші Сержанәлі Әлібек шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той өткізді. Өзінен 20 жас кіші бойжеткенмен отау құрған өнер иесінің қуанышына жиналған әншілер бұл сәтті әлеуметтік желіге жарыса жүктеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сержанәлі Әлібек. Фото: www.instagram.com/serzhanali
Сержанәлі Әлібек. Фото: www.instagram.com/serzhanali: UGC

Әншінің өзі де Instagram парақшасына қалыңдығымен түскен суретін жүктеп қойды.

"Баршаңызға Алланың нұры жаусын, жақсы жақсы тілектеріңізге, құттықтауларыңызға мың алғыс. Сіздер де тек қана той көріңіздер, жақсылық көріңіздер. Ұлдарыңызды ұяға қыздарыңызды қияға қондырыңыздар", - деп әнші оқырмандарына алғысын білдірді.

Сержанәлі Әлібек. Фото: www.instagram.com/abai_begei
Сержанәлі Әлібек. Фото: www.instagram.com/abai_begei: UGC

Айта кетейік, өнер иелерінің арасында сүрбойдақ атанған Сержанәлі Ақбаян есімді аруды қолына қондырған. Әншінің жасы 40-тан асса, келіншегі Сержанәліден 20 жасқа кіші болып шықты.

Сержанәлі Әлібек. Фото: www.instagram.com/ann_2905
Сержанәлі Әлібек. Фото: www.instagram.com/ann_2905: UGC

Сондай-ақ айы-күні жақындап отырған жас келінге қараған көпшіліктің көңілінде күмән туып, түрлі пікір білдірді. Алайда оқырмандардың күмәні бос әурешілік болып шықты. Себебі, әнші күз айында шаңырақ көтеріп, тойды енді өткізіп жатқаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738125-zinen-20-zas-kisi-kyzga-jlengen-otandyk-nsi-tojyn-drkiretip-tkizdi-foto/

pixel