"Kesh You" тобының бұрынғы әншісі өз арманындағы азаматқа іздеу салды

Опубликовано:

"Kesh You" тобының бұрынғы әншісі Әнел Арынова өзінің арманындағы азаматқа іздеу салды. 2014 жылы Саид есімді жігітпен неке қидырған әнші қыздың бір ұлы бар. 2016 жылы күйеуімен мінезі жараспай, ажырасып кеткен Әнел өзіне күйеу іздеуге көшті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнел Арынова. Фото:muzvideo.biz
Әнел Арынова. Фото:muzvideo.biz: UGC

Ол Instagram парақшасында өзіне білімді әрі еңбекқор азамат іздейтінін айтып, жар салды.

"Өз арманымдағы азаматқа іздеу жариялаймын. Ол еңбекқор, ақылды, жоғары білімі бар, көңілді болуы керек. Әрине менің талаптарым мұнымен бітпейді", - деді әнші.

Ал желі қолданушылары әншіге қайтадан тұрмыс құруға асықпау керектігін айтты.

"Әр әйелге арқа сүйер азамат керек. Бірақ асықпа", "Бұйырса жолықтырасыз, арманыңыздағы күйеуді", "Бір рет ажырасқан соң, ер адамға сену қиын ғой", "Одан да балаңызды өсіріңіз", "Қазір ер адамның оңғаны жоқ" деп пікір бірдірді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738163-kesh-you-tobyny-bryngy-nsisi-z-armanyndagy-azamatka-izdeu-saldy/