Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұбаныш Жексенұлының италиялық келіні "нағыз шымкенттік келін" атанды

Опубликовано:

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы өзінің италиялық келіні туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы «Түнгі студия» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Жұлдыздар құпиясы
Фото: Жұлдыздар құпиясы: UGC

Италиялықтармен құда болған белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлының айтуынша, Мәриям өзге ұлттың қызы болса да, ислам дінін қабылдап, нағыз Шымкенттің келіні атанған.

«Ұлым мен келінім сегіз жылдың көлемінде достасқан, бірге жүрген. Әбден уақыттың тексеруімен өткен махаббат болған соң, үйленулеріне келісімімізді бердік. Оның басқа ұлт болғаны, басқа тілде сөйлегені, ойлағаны ешқандай қылмыстық нәрсе емес. Мәриям үйге келін болып түскен күннен бастап дінді қабылдап, нағыз Шымкенттің келіні болып өмірін бастап кетті. Бізге ешқандай айырмашылық байқалған жоқ», – деді Жұбаныш.

Құдаларымен орыс тілінде әңгімелесетін Жұбаныш келінінің қазақша сөйлейтінін айтты. Өз сөзінде Жұбаныш келінін тіпті мақтап та алды.

"Өте талантты. Мына консерваторияны қызылға бірітетін музыкант, пианист. Ал ұлдың өзі онымен колледжде танысқан. Нағыз музыканттардың жанұясына айналып келе жатыр", - деп түйіндеді сөзін Жұбаныш.
Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Айта кетсек, бірер күн бұрын ғана Жұбаныш Жексенұлы Instagram парақшасында әйелімен ажырасып кеткенін жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738197-zbanys-zeksenlyny-italialyk-kelini-nagyz-symkenttik-kelin-atandy/

pixel