Танымал тележүргізуші ұлының шілдехана тойын дүркіретіп атап өтті (фото)
Опубликовано:
Танымал жүргізуші Рахман Омар жақында өмірге келген ұлына ырымдап Мейрамбек деп есім берген болатын. Әртіс Бесбаевтың есімін берген сәбиінің өмірге келуіне орай дүркіретіп той жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Рахман Омар қазақтың біртуар азаматы баласына өкіл әке болғанын қалаған. Өзіне көрсетілген қошеметке жауап ретінде Мейрамбек те әртістің баласына өзі жатқан бесікті сыйға тартқан еді.

"Кішкентай Мейрамбегімізді қырқынан шығардық. Шаршағанына қарамай алыс жолдан келген кіндік мамамыз бен кіндік папамызға рахмет! Қуанышымызбен бөліскен жандарға алғысым шексіз", - деді әртістің жары Ақмарал Дайрабаева өзінің Instagram парақшасында.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738307-tanymal-telezrgizusi-lyny-sildehana-tojyn-drkiretip-atap-tti-foto/