Сен маған ұнайсың: Танымал қырғыз блогері Қайрат Нұртасқа өз сезімін білдірді (видео)
Опубликовано:
Танымал қырғызстандық блогер Гүлзат Мамытбек Қайрат Нұртасты жақтап, оған өз сезімін білдірді. Бұл жайлы видео ztb_video парақшасына жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Блогер сынға іліккен Қайраттың әні мен бейнебаянына қатысты өз ойын білдірді. Ол әншінің шығармашылығына риза екенін, қарғызша, орысша, ағылшынша да әндерін шырқай беруін сұрады.
Сөз соңында өз сезімін білдірген Гүлзаттың сөзіне таңырқай қараған жұрт оның әрекетін желіде қызу талқылай бастады.
Еске салайық, Қайрат Нұртас інісі Заңғар екеуі "My universe" әніне түсірген бейнебаяндары жұрттың қатаң сынына ілікті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738345-sen-magan-najsy-tanymal-kyrgyz-blogeri-kajrat-nrtaska-z-sezimin-bildirdi-video/