Желіде Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығымен түскен той суреттері пайда болды (фото)

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын 18 жастағы сүйіктісі барын айтқан Тәекел Мүсілім тойға қызу дайындық үстінде. Желіде актердің ақ көйлек киген қалыңдығымен түскен суреттері тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Актердің бұл құпиясын продюсер Жан Мұқанов айтып қойды.

Суретте теріс қарап тұрған аруды көпшілік Жанар Дұғаловамен шатастырып алды.

"Мынау Жанар ма?", "Сіз сүйіктім жас қыз деген сияқты едіңіз?", "Негізі Дұғаловамен күшті жарасыз ғой", "Жанарға мүсіні ұқсағанымен, иығы кішкентай мына қыздың", "Кім болса да, жақында білетін боламыз".

"Ал қыздар, жылауға дайындалыңыздар", "Тәуекел, сен үшін біраз қыз көз жасын төгетін болды", "Не болса да, бақытты ару екен" деді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738367-zelide-tuekel-msilimni-kalydygymen-tsken-toj-suretteri-pajda-boldy-foto/