Сәкен Майғазиев қазақша көше атауларын бұрмалайтындарға шүйлікті

Опубликовано:

Қазақ десе ішкен асын жерге қоятын ел азаматтарының бірегейі Сәкен Майғазиев ұлы тұлғалардың есімімен аталған көше атауларын бұрмаламайтындарды сынға алып, өрескел қателіктерді жібермеуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram/saken_maigaziyev
Фото: instagram/saken_maigaziyev: UGC

Әнші өзінің Instgram-дағы парақшасында қалдырған жазбасында басынан өткен бір оқиғамен бөлісті. Онда қазақтан шыққан біртуар тұлғалардың есіміне берілген көше атауларын бұрмалап сөйлейтіндер жайлы сөз қозғалған.

Сөз соңында Сәкен өздерінің де қателіктерді қалай жіберіп қоятындығын аңғара бермейтіндігін айтты. Оның ойынша, осындай олқылықтар орын алмас үшін әр адам өзінен бастау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738466-sken-majgaziev-kazaksa-kse-ataularyn-brmalajtyndarga-sjlikti/