Бақыт Шадаеваның бояусыз түрін көрген желі қолданушылары әншіні сынап тастады (видео)
Опубликовано:
Демалыс орнынан видео жүктеген отандық әнші Бақыт Шадаеваны желі қолданушылары сынға алды. Көпшілік әншінің бояусыз түрін жақтыртпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Әнші Талдықорған маңайындағы демалыс орнында уақыт өткізіп жатқанын айтып, Instagram парақшасына видео жүктеген.
Алайда оқырмандар әншінің демалысына сәттілік тілеудің орнына, теріс пікір жазып тастаған.
"Түріңіз не болып кеткен?", "Құрсын боянбай жүрмеңізші", "Қартайыпсыз ғой Бақыт ханым", "Уақыт өз дегенін алатыны рас қой", "Қанша бояу болса да, қартайғаныңызды жасыра алмайсыз", "Бетіңізді әжім торлапты ғой".
"Әдемі қартая білу де өнер ғой", "Бетіңізді сұмдық тарттырып тастапсыз. Ал маңдайыңыздағы әжім қатты байқалып тұр", "Әжім болуы заңдылық қой енді. Не дегенмен жасы келді" деді желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738877-bakyt-sadaevany-boausyz-trin-krgen-zeli-koldanusylary-nsini-synap-tastady-video/