Қатты дауылға қарамай әнін айта берген Төреғалиге ел риза болды (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің Instagram-дағы парақшасында ашық алаңда ән айтып тұрған видеосын жариялады. Онда әнші сахнада тұрғанда қатты дауылдың көтеріліп, халықтың тарай бастағаны бейнеленген деп хабарлайды NUR.KZ.
Әншінің хит әні орындалып жатқанда дауыл көтеріліп, сахна құрылғылары ұшқан соң, көрермендер де тарай бастады.
"Аты шулы Төреғали Төреәлі тағы да...Бұл жолы точно мен емес", - деп жазды әнші өз парақшасында.
Кейбір жанкүйерлер болса ауа райының қолайсыздығына қарамай, әншімен суретке түсіп те үлгерді.
"Жарайсың, Төреш!", "Мінезіңе сай ауа райы да өзгеріп тұрады", "Енді Төреғалиға бәрі қарсы", "Мынау бір ұлы дала желі болды ғой" деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1738969-katty-dauylga-karamaj-nin-ajta-bergen-tregalige-el-riza-boldy-video/