Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ тілінде сөйлей алмаған Айдана Меденова ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Елімізге танымал әнші Айдана Меденова сұхбат барысында қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап бере алмай, ұятқа қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айдана Меденова. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды
Айдана Меденова. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды: UGC

Меденова орыс тілді мектепті бітіргендіктен, қазақша сөздердің кейбірін білмейтін болып шықты.

Әншінің сұхбат беру сәтінде түсірілген видеосы фан-парақшалардың бірінде жарияланған.

"Марапаттау берді. Еще раз. Немене берді? Марапаттады. И дали статуэтку. Как это будет на казахском? Статуэтка как на казахском", - деп кібіртіктеді әнші.

Желі қолданушылары болса ана тілін білмеген әншіні қатаң сынға алып, бұл ісінің ұят екенін айтты.

"Масқара", "Балық басынан шіриді деген осы", "Қанша жыл қазақша ән айтып жүріп, өтірік білмей қалмашы" деді Меденованың бұл қылығын ұнатпаған көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739200-kazak-tilinde-sjlej-almagan-ajdana-medenova-atka-kaldy-video/

pixel