Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанды дауыста ән салған жұлдызды жұп жұртты тәнті етті

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында жарасымды дуэт құрып, тыңдарман қауымды түрлі бағыттағы әндерімен сүйсінтіп жүрген Қосқанат Көпжасар мен Гаухар Сардарбек бағдарлама түсірілімінде жанды дауыста ән шырқап, елді тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұлдызды жұп жақында ғана тікелей эфирде авторларынан сұрап алған әнді "Ұмытылмас әндер" бағдарламасында орындаған.

Дәстүрлі бағытта ән орындап, желіде танылып үлгерген Гаухар үзінді видеоны парақшасына жариялады.

"Неге, неге" деп аталатын ән көпшіліктің көңілінен шықса керек, желі қолданушылары қос әншіге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739236-zandy-dauysta-n-salgan-zldyzdy-zp-zrtty-tnti-etti/

pixel