Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін Нұржановтың шаңырағында тағы бір сәби дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

Елімізге танымал әнші Еркін Нұржановтың шаңырағында дүниеге сәби келді. Өнер иесіне жары тағы бір ханшайым сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ.

Еркін Нұржанов жарымен. Фото: www.instagram.com/erkin_nurjan
Еркін Нұржанов жарымен. Фото: www.instagram.com/erkin_nurjan: UGC

Қызды болғаны жайлы Нұржановтың өзі Instagram парақшасында жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Қызды болдым, ағайын! Аллаға сансыз шукір", - деп жазды Нұржанов.

Желі қолданушылары жас ана мен балаға ақ тілектерін жаудырды.

Еркін Нұржанов жарымен. Фото: www.instagram.com/erkin_nurjan
Еркін Нұржанов жарымен. Фото: www.instagram.com/erkin_nurjan: UGC

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Балаларыңыздың қызығын көріңіз" деді оқырмандар.

Айта кетейік, Еркін Нұржанов пен жары Динараның жас айырмашылығы 14 жас. Олардың бір ұлы мен бір қызы бар болатын. Енді әнші үш баланың әкесі атанды.

Еркін Нұржанов жарымен. Фото: www.instagram.com/erkin_nurjan
Еркін Нұржанов жарымен. Фото: www.instagram.com/erkin_nurjan: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739284-erkin-nrzanovty-sayragynda-tagy-bir-sbi-dniege-keldi-foto/

pixel