Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болманов: Алла қосқан жарымның абыройын қорғауға келдім

Опубликовано:

Болмановтар əулеті мен дизайнер Ырза Тұрсынзада арасындағы коттеджге қатысты дау мəселесі əлі де таусылар емес. Танымал продюсер аталған мəселеде Қарақаттың кінəсі жоқ екенін, коттедж оларға тиесілі емес екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Продюсер Қыдырəлі Болмановтың айтуынша, Ырза Тұрсынзаданы қаншалықты сыйласа да, өткен күнгі мəлімдемесінен кейін жұбайының абыройын қорғауға тура келген екен.

"Қарақаттың кикілжіңге уақыты жоқ. Үнемі түсірілімдерде, телеарнада жүреді. Ары- беріден соң ол төрт баласы бар ана, мен кейде "менімен қоса бес бала" деп қоямын. Бүгін ол брифингке келгісі келді, бірақ мен келісім бермедім. Себебі бизнеспен айналысатын мен. Қарақатта мұндай мəселелермен айналысатын уақыт тапшы",-деді продюсер.

Қыдырәлі дизайнердің жасы мен әйел екендігін сыйлайтынын, бірақ осы мәселеге көз жұма қарай алмайтындығын айтты.

"Тағы да қайталап айтамын, ол кісінің жасын, əйел адам екенін сыйлап аталған мəселеге көз жұма қарай салатын едім. Бірақ балаларымның əлгіндей сөзінен кейін осылай брифинг ұйымдастыруға тура келді. Себебі мен құдай қосқан жарымның абыройын қорғап қалуға барымды саламын", - деді Қыдырəлі Болманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739360-bolmanov-alla-koskan-zarymny-abyrojyn-korgauga-keldim/

pixel