Таяуда шаңырақ көтерген отандық актер тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Жақында ғана сүйіктісін ұзатып алып келген Артур Төлепов, енді ресми түрде заңды некеге отырды. Алматы төрінде дүркіреп өткен үйлену тойы қазақстандық шоу-бизнес өкілдеріне лық толы болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бойдақтықпен қош айтысқан отандық актер өзінің үйлену тойын дүркіретіп тұрып өткізді. Ол өзінің өмірлі жары деп тапқан Мадина есімді қызбен отбасын құрған.

Ғашықтардың үйлену тойына шақырылған көпшілік арасында шоу-бизнес өкілдері өте көп болды. Олардың арасында Тәуекел Мүсілім, Олжас Әлжанов, Бауыржан Сатов, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов, Гүлнәз Жоланова және тағы да басқа танымал жұлдыздар бой көрсетті.

Артур Төлеповтың жұлдызды достары оның үйлену тойында өз өнерлерін ортаға салды.

Әлеуметтік желі қолданушылар екі жастың қуанышына ортақтаса өз жылы лебіздері мен игі тілектерін жаудырды. Көпшілік ұзатуға тоймен салыстырғанда үйлену тойда Төлепов қалыңдығының аса қатты боянбағанын да айтып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739495-taauda-sayrak-ktergen-otandyk-akter-tojyn-drkiretip-tkizdi-foto-video/