Жас кезіндегі суретін көрсеткен жұлдызды жұп елдің сүйіспеншілігіне бөленді (фото)
Опубликовано:
Елімізге танымал актерлер Данагүл Темірсұлтанова мен күйеуі Азат Сейітметовтің жас кезіндегі суретін көрген көпшілік жұлдызды жұпқа сүйсініп қалды. Өнер иелері отбасылық өмірінің алғашқы жылдары түскен суреттерін желі қолданушыларына Instagram арқылы көрсетіп, шаңырақ көтерген күндерінің естеліктерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанова бүгінде үш баланың ата-анасы атанған. Олар Айша, Айым есімді қыздарды және бір ұлды тәрбиелеп отыр. Өнерлі отбасының екінші қызы Айым ата-анасының жолын қуып, актерлік қырын байқатып та үлгерген.
Желі қолданушылары шынайы сезім бейнеленген естелік суреттерді көріп, өздерінің жастық шағын еске алғандарын да жасырмады.

"Бақытты болыңыздар", "Бала-шағаның қызығын көріңіздер", "Керемет, естеліктер. Жатсық шағымды бір еске алдым" деді оқырмандар.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739508-zas-kezindegi-suretin-krsetken-zldyzdy-zp-eldi-sjispensiligine-blendi-foto/