Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Байзақова кімнің арқасында шалқып өмір сүріп жүргенін жайып салды

Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова өзін" біреудің арқасында өмір сүреді" деп сынайтын оқырмандарына жауап берді. Бойжеткен өзіне ағыл-тегіл қаражаттың қайдан келетінін жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айжан Байзақова. Фото:today.kz
Айжан Байзақова. Фото:today.kz: UGC

Бұл жайында бойжеткен Telegram парақшасында жариялады.

"Мені көбісі "ағашкалардың" арқасында өмір сүріп жүр деп ойлайды. Осындай сұрақ қойған уақытта мен де "иә", "солай" деп жауап қайтарамын. Бірақ ақылдарыңызды іске қосып көріңіздерші.

Мен қарапайым 2007 жылғы bmw маркалы көлікпен жүремін. Оның өзін әлеуметтік желідегі парақшаларыма жарнама салу арқылы табамын.

Тіпті "Zara", "Bershka" секілді киім дүкендерінен киінемін. "Dolce" мен "Chanel" секілді брендтерді алған емеспін", - деп бойжеткен өз еңбегімен өмір сүретінін жайып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739667-atysuly-bajzakova-kimni-arkasynda-salkyp-mir-srip-zrgenin-zajyp-saldy/

pixel