Қазақ тілінде сөйлеген кореялық блогер жұртты таңғалдырды (видео)
Опубликовано:
Корей елінің танымал блогері Зикрув қазақ тілінде сөйлеп, көпшілікті таңғалдырды. Ол қазақ эстрадасының жанкүйері болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзінің кезекті блогын Пусан қаласынан түсіріп, "Ninety one" тобының жаңа бейнебаянына деген көпшіліктің көзқарасын білген.
"Сәлем. Қалайсың? бұл Зикрув. Көп күттіңіздер ма? Бұл "Ninety one" тобының "E.Yeah" видеосы", - деген блогер әнді де қосыла орындаған.
Зикрув "Ninety one" тобының су жаңа әніне баға беріп, оның бұрынғы туындыларға қарағанда әлдеқайда сезімге толы екенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1739680-kazak-tilinde-sjlegen-korealyk-bloger-zrtty-tagaldyrdy-video/