Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші рет үйленіп жатқан Абай Бегей хиджабтағы аруды өзіне жар етті (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерді. Жұлдызды әншінің тойынан суреттер желіде пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын Жанат есімді жұбайынан айырылып қалған әншінің екінші рет үйленгелі жатқанын әріптесі Меруерт Түсіпбаева айтып қойған еді. Бүгін міне Абай Бегейдің тыңдармандары қуанышты сәттің куәсі болуда.

Бұған себеп әлеуметтік желіде әншінің өнердегі әріптестері тойдан видео мен түрлі суреттермен бөлісуі.

"Өнер әлемінде ерекше орны бар, Абай Бегейіміздің шаңырақ құру тойы құтты болсын! Алла, келінімізді адалынан етіп, бала-шағасына нағыз ана, жүрегі мейірімге толы ана болып, бақытты өмір кешулерін қабыл етсін!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары хиджабтағы қызды жар еткен әншіге ақ тілегін жаудырып, оларға бақыт тілеуде.

Еске сала кетейік, Абай Бегейдің марқұм жарынан төрт баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740225-ekinsi-ret-jlenip-zatkan-abaj-begej-hidzabtagy-arudy-zine-zar-etti-video/

pixel