Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаеваның биыл тұрмысқа шығатыны рас па?

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева осыған дейінгі бірнеше сұхбатында биыл тұрмысқа шығатынын айтқан еді. Құрбысының бұл мәлімдемесін Баян Алагөзова да растағандай. Продюсер Instagram парақшасында Иманбаева жайлы жазба қалдырып, көпшілікті қызықтырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл суреттердің қай жылы түсірілгені есімде жоқ. Бірақ, продюсер мен әншінің достығы әлі жалғасып келеді. Оның үстіне жақында Айгүлдің....", - деген Алагөзова сөзін аяқтамай, көпшіліктің қызығушылығын оятып қойды.

Ал желі қолданушылары Иманбаеваның тұрмысқа шыққалы жатқанына сенімді болып, түрлі пікір білдірді.

"Бақытты болсын. Тойына баратын шығарсыздар", "Өзі де қоймай айтып жүр еді ғой, тұрмысқа шығатынын", "Кімге тұрмысқа шыққалы жатыр?", "Әлде келін түсіреді ме?" деді жұмбақтың жауабын білгісі келген оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740611-ajgl-imanbaevany-biyl-trmyska-sygatyny-ras-pa/