Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздардың қайсысы көзілдіріктен ақшасын аямайды екен?

Опубликовано:

Отандық жұлдыздардың көбі көзілдірік таққанды ұнатады. Көпшілік жерде жүргенде бұл таптырмас құрал саналады. Біреулері сән үшін, имидж үшін тақса, енді біреулері күннен шынымен қорғану үшін тағып жүреді. NUR.KZ порталы comode.kz-ке сілтеме жасай отырып көзілдірікке ақшасын еш аяп қалмайтын жұлдыздар топтамасын ұсынады.

Сурет: comode.kz
Сурет: comode.kz: UGC

Мәдина Сәдуақасова

Көзәйнек көрсе, сатып алып кете алмайтын сұлулардың бірі - Мәдина Садуақасова. Тіпті, соңғы фотосессияларында да әнші көзілдіріктің көмегіне көп сүйеніп жүргені байқалады.

Дастан Оразбеков

Сурет: comode.kz
Сурет: comode.kz: UGC

«Орда» тобының әншісі Дастанды көзілдіріксіз елестету мүмкін емес. Оның көзәйнектерінен көп нәрсесі жоқ. Басым көпшілігі қара, ал кейбірі қою қоңыр түсті. Әнші өзінің бет пішіне сай «Aviators», яғни кең пластикалық жақтауға ие, пішіні дөңгелек көзілдірікті ұнатады.

Ерке Есмахан

Сурет: comode.kz
Сурет: comode.kz: UGC

Әр бейнебаянының қаралымы миллионнан асатын әншінің хоббиі – көзілдірік жинау. Тіпті, жеке парақшасында бір киген көзәйнекті екінші рет қайталап қолданбағанын байқауға болады.

Кәмшат Жолдыбаева

Сурет: comode.kz
Сурет: comode.kz: UGC

Көзілдірікті Кәмшаттың өзі таңдайды. Әншінің көзілдірікті жиі жаңалап тұруға тырысатынын байқауға болады.

Салтанат Бақаева

Сурет: comode.kz
Сурет: comode.kz: UGC

Үш баланың анасы Салтанат үшін де күннен қорғайтын көзілдіріктің маңызы зор. Әншіде соңғы жылдары сұранысқа ие трапеция пішіндес «Vufarer», авиаторлар, градиент түрлері де бар.

Баян Мақсатқызы

Сурет: comode.kz
Сурет: comode.kz: UGC

Бұл кісінің тек көзілдірікке емес, жалпы сәнге деген талғамы ерекше. Танымал продюсер қымбат көзілдіріктер тағып, түрлі-түрлі брендтерді алмастырып тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740828-otandyk-zldyzdardy-kajsysy-kzildirikten-aksasyn-aamajdy-eken/