Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімді өзінен 11 жас кіші сүйіктісі көзіне де ілмеген (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісі туралы алғаш рет шындықты айтты. Айтуынша, оны өзіне ғашық еткен ару бастапқыда оны тіпті көзіне де ілмеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісі оны тіпті көзіне де ілмегенін ашық айтты
Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісі оны тіпті көзіне де ілмегенін ашық айтты: UGC

Бұл туралы актер YouTube желісіндегі Нұрмахан есімді жігіттің "Хайптама" видеоблогында айтты.

Кішігірім сұхбат берген Тәуекел өзінен 11 жас кіші сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді.

"Бір 15 минуттай қарап отырдым. Ол маған осы уақыт ішінде бір де бір рет қараған жоқ. Дәл сол сәтте есім кетіп ғашық болып тұрғанмын. Сондықтан жанына барып, танысуды жөн көрдім. Жоқ, мен бәрібір танысуым керек, өйткені басқа ондай мүмкіндік болмайтынын сездім. Бардым, таныстым, - дейді ол.

Айтуынша, уақыты аз болғандықтан, бірден бойжеткеннің нөмірін алуға тырысқан. Алайда телефон нөмірін беруге келіспеген қыз оның бетін қайтарыпты.

"Бірінші нокдаун болды, әлсіреп қалдым, ал телефонын бермеген кезде нокаут болдым", - дейді актер.

Осылайша, Тәуекел құлай сүйген қызы бетін бір көргеннен қайтарып тастағанын жеткізді.

Сонымен бірге, әнші үйлену тойы келесі жылы болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741194-tuekel-msilimdi-zinen-11-zas-kisi-sjiktisi-kzine-de-ilmegen-video/

pixel