Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин Назарбаевтың анасына ән арнады (видео)

Опубликовано:

Елбасының анасына ән арнап, оны шоқтығы биік туындыларының біріне теңеген Нұрболат Абдуллин желі қолданушыларының сынына ұшырады деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин. Фото: kz.popnable.com
Нұрболат Абдуллин. Фото: kz.popnable.com: UGC

Әнші: "Бұл менің шығармашылығымдағы шоқтығы биік әндерімнің бірегейі болмақ. Көзайым болыңыз, көрермен! "Елбасының анасы", - деп желідегі парақшасына жазып қойды.

Алайда Нұрболат Абдуллиннің бұл әрекеті көпшілікке ұнай қоймаған.

"Əр адамға өз анасы дара емес пе?! Анадан ана əулие емес деп ойлаймын", "Бəсе, неге осы бала өзінше болып жүреді десем, жақсылап тұрып жағымпазданып жүр екен ғой", "Жағымпаздықтың желі есіп жатыр".

"Өз анаңызға арнасаңызшы одан да", "Қарапайым халыққа да шоқтығы биік бір ән арнап жіберіңізші", "Жетісіп қалыпсың. Сені жақсы әнші деп ойлаушы едім" деді наразы болған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741273-nrbolat-abdullin-nazarbaevty-anasyna-n-arnady-video/

pixel