Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас өзінің хит әнін қырғыздың танымал жұлдызынан су тегін алып кеткен

Опубликовано:

Қырғыздың танымал әншісі Мейірбек Атабеков Қайрат Нұртастың анасы хит әнін қалай сутегінге алып кеткенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мейірбек Атабеков. Фото: Азаттық
Мейірбек Атабеков. Фото: Азаттық: UGC

Әншінің сөзінше, бастапқыда "Қайрат Нұртас "Сұранамын" әнін өзінің келісімінсіз-ақ айтып жүрген.

"Қайрат Нұртас "Сұранамын" әнін менімен келіспей айтып жүрді. Алғашында менеджерлерімен байланыс орната алмадық. Бір жылдан кейін мамасы келіп сөйлесті де, басқа әндерді Қайраттың орындағысы келетінін айтты. "Рақмет" деп "символический" түрде ақша тастап кетті", - дейді Мейірбек Атабеков.

Мейірбектің әндеріне қазақстандық шоу-бизнес өкілдері жиі құда түседі екен. Олардың дені хит әндер үшін ақша төлемей, әншіден келісіп сұрап алатын көрінеді.

"Менің әндерімді көбіне Айқын орындап жүр. "Ерке қыз", "Асылым", "Тұмарым" менікі. Сондай-ақ "МузАРТ"-тың жаңа тобының музыканттары да бір-екі әнімді сұрады", - дейді қырғыз әншісі.

Мейірбек Атабеков Қырғызстанда әншілерді тойға шақыру Қазақстанға қарағанда арзанға түсетінін айтады.

"Бішкектің ішінде 500 долларға шығамыз. Қазақстан, Ресей елдеріне көп шақырып жүр. Бізде Қайратты 10-15 мың долларға дейін төлеп шақырады. Қырғыз елінде 5 жастағы баладан 60 жастағы қарияларға дейін Қайрат Нұртасты таниды", - дейді Атабеков.

ЕСКЕРТУ! Мақаланы көшіріп басуға ҚР заңнамасымен тыйым салынған!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741479-kajrat-nrtas-zini-hit-nin-kyrgyzdy-tanymal-zldyzynan-su-tegin-alyp-ketken/

pixel