Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойыма келмеді: Асылхан Төлепов құрдасы Төреғалиді "жағадан алды"

Опубликовано:

Жарияға жар салмай шаңырақ көтерген отандық актер Асылхан Төлепов құрдасы Төреғали Төреәліге астарлы әзіл арнап, тойына келмей қойғанын айтып қалды. Актердің Instagram парақшасына жүктеген суреті жұртты күлкіге қарық қылды деп жазады NUR.KZ.

"Шашын гельдеп, сақалын, мұртын қырып,

Тойға келді Төрештей сылқым жігіт.

Артур мен Мадинаға тілек айтып,

Қонақтарды билетті жұлқындырып.

Ал менің "свадьбама" келмей қалды,

Ішім ренжіп жүр еді, сыртым күліп,

Кішкентайдан бірге өскен дос болғасын,

За косяк алғансың ғо қылқындырып", - деп әзілдеген ол әншіге деген назын астарлап жеткізді.

Ал мұны оқыған жұрт оның әзіліне жағымды пікірлер жазып, достар арасындағы сыйластыққа сүйсінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741795-tojyma-kelmedi-asylhan-tlepov-krdasy-tregalidi-zagadan-aldy/

pixel