Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірлік серігін түсірілім алаңында тапқан әйгілі түрік жұлдыздарын білесіз бе?

Опубликовано:

Бүгінде қыз-келіншектердің "есін кетіріп", бәрін бірдей теледидар мен телефонға телмірткен түрік сериалдары өте көп. Ғаламторды ашсаңыз болғаны, қалаған хикаяңызды кез-келген тілде көре аласыз. Алайда, сериал сүйгіш жандар үшін басты рөлді сомдайтын әртістердің өмірі әлдеқайда қызығырақ.

Осы орайда, NUR.KZ порталы өмірлік серігін түсірілім алаңынан тапқан түрік жұлдыздарын назарларыңызға ұсынады.

Түрік киносының жұлдыздары
Түрік киносының жұлдыздары: UGC

Отандық көрермендердің барлығы жаппай көрген «1001 түн» телехикаясының жұлдызды жұбы – Бергюзарь Корель мен Халит Эргенч

Бергюзар Корель – 1982 жылы Стамбулда дүниеге келген. Ол әртістер отбасында дүниеге келген, жастайынан волейболмен айналысады. Дегенмен, бәрібір қан жібермеген болу керек, бойжеткен актерлік білім бойынша театр бөлімін аяқтаған.

Түрік киносының жұлдыздары
Бергюзар Корель: UGC
Ол алғаш рет «Бүлінген тағдыр» фильмінде ойнады. Кейіннен «1001 түн» сериалындағы Шехрезат рөлі үшін «Алтын көбелек» премиясын иеленді.

2006 жылы Бергюзар «1001 түн» фильмінің түсірілімінде Халит Эргенчпен танысып, әріптестердің қарым-қатынасы махаббатқа ұласты.

2009 жылы Халит әйелімен ажырасып, екеуі шаңырақ көтерді. Ал 2010 жылы актриса Әли есімді ұл баланы дүниеге әкелді.

Түрік киносының жұлдыздары
Түрік киносының жұлдыздары: UGC

Халит Эргенч – 1970 жылы дүниеге келген актер әлі күнге дейін қыздардың арманы болып келеді.

Оның әкесі Саит Эргенч те актер болған. Жастайынан музыкаға ерекше құмар болған бала бүгінде кәсіби әнші болмағанымен, орындаушылық қабілеті барын жасырмайды.

Ол «1001 түн» сериялындағы рөліне дейін «Әлия», «Зерда», «Әке мен бала», «Алғашқы махаббат» фильмдерінде ойнаған. Актерға 2011 жылы ойнаған «Сұлтан Сүлейман» сериалындағы рөлі танымалдылық әкелді.
Түрік киносының жұлдыздары
Халит Эргенч: UGC

Махаббат хикаясы

Бергюзар Корель мен Халит Эргенчтің арасы 12 жас. Халит алдымен қыздың ата-анасымен танысқан. Олар кездейсоқ түсірілім алаңында кездескен. Алайда ол кезде Бергюзар мектеп оқушысы болғандықтан, араларында ештеңе болмаған.

Кейін мейрамханада кездеседі. Бірақ бұл жолы да таныстық ұзаққа бармайды. 2008 жылы әртістер екінші рет түсірілім алаңында жолығады.

Осы жолы араларында нағыз махаббат сезімі тұтанып, мәңгі бірге болуға шешім қабылдайды.

Түрік киносының жұлдыздары
Түрік киносының жұлдыздары: UGC

Талай қыздың арманына айналып үлгерген әйгілі «Kara sevda» фильмінің актері Бурак Озчевит 1984 жылы туылған.

Түрік киносының жұлдыздары
Бурак Озчевит: UGC
Ол өнердегі жолын 2006 жылдан бастап модельдік бизнестен бастады. Кейін подиумдағы сымбатты серіні режиссерлар бірінен соң бірі киноға түсуге шақыра бастаған.

Буракқа танымалдылық алып келген «Королек – птичка певчая» киносы.

Алайда 2015 жылы жарыққа шыққан «Kara sevda» фильмінің орны мүлде бөлек болды. Осы рөлінен кейін жұлдызы жанған актер бүгінде танымал актриса Фахрие Эвдженнің жұбайы.

Түрік киносының жұлдыздары
Түрік киносының жұлдыздары: UGC

Фахрие Эвджен – 1986 жылы Германияда дүние есігін ашқан. Бірнеше тілді жетік меңгерген актриса түрік, неміс, ағылшын, испан тілінде еркін сөйлейді.

Түрік киносының жұлдыздары
Фахрие Эвджен: UGC

Ол тарихшы мамандығын оқыған, алайда кейін өнер жолына бет бұрған.

Алғаш рет 2005 жылы анасымен бірге Стамбулға демалуға келіп, кастингке қатысады. Жолы болғыш ару бірден «Мені ешқашан ұмытпа» фильмінде ойнайды.

Кейін «Листопад», «Ты – мой дом», «Королек – птичка певчая», «Любовь похожа на тебя» фильмдерінде басты рөлде ойнайды.

Түрік киносының жұлдыздары
Түрік киносының жұлдыздары: UGC

Махаббат хикаясы

Актриса Бурак Озчевитпен 2015 жылы түсірілім алаңында кездесті. Әріптестер арасындағы қарым-қатынас махаббатқа ұласып, жастар көңіл жарастырады.

Екеуі тура бір жылдан кейін Италияға романтикалық демалысқа аттанады. Сонда әйгілі сері жігіт Бурак актрисаға көлік пен неке жүзігін қатар ұсынып, үйленуге сөз салады.

Ал, үйлену тойлары 2017 жылы маусымның 29 жұлдызында 500-ден астам сыйлы қонақтың қатысуымен өтті.

Түрік киносының жұлдыздары
Түрік киносының жұлдыздары: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741819-mirlik-serigin-tsirilim-alaynda-tapkan-jgili-trik-zldyzdaryn-bilesiz-be/

pixel