Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық продюсердің танымал әншіден ұл туып алғаны рас па? (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілімнің бұрынғы продюсері Жанна Әбуова өзінің жалғыз ұлының әкесі танымал әнші екенін айтқан сәті әлеуметтік желілерде пайда болды.

Жанна Әбуова. Фото: Baistars.kz
Жанна Әбуова. Фото: Baistars.kz: UGC

Әлеуметтік желіге таралып кеткен видеода продюсер өзінің баласы мен сүйген адамы жайлы айтып берді.

"Мен оның бірінші отбасы жайлы ойламадым. Тоқалы болуға келістім. Ештеңені түсінбедім. Мен оның бірінші әйелінің де, өзінің де өмірін құртқым келмеді. Кейін адамдар біле бастады. Содан ара-қатынасымызды тоқтаттық.

Ол өте танымал адам. Шоу-бизнестің адамы. Ол бала туылмай тұрып, өзінің баласы екенін айтпауымды өтінді. Балам екі тілде де сөйлейді. Балам есейсін, ол әкесі керек екенін білсе, хабарлаймын. Ал қазір, бұл жайында айту ертерек", - деді продюсер.

Сондай-ақ продюсер баласының бүгінде әкесімен кездеспейтінін, араласпайтынын мәлім етті.

Айта кетейік, ел арасында Жанна Әбуованың Мейрамбек Бесбаевқа ұл туып бергені жайлы айтылады. Алайда қанша жыл өткенімен, продюсер бұл сұраққа жауап беруге асығар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741883-otandyk-produserdi-tanymal-nsiden-l-tuyp-algany-ras-pa-video/

pixel