Алтынбек Қоразбаев 50 жыл отасқан келіншегін көпшілікке көрсетті (фото)
Опубликовано:
Танымал композитор Алтынбек Қоразбаев 50 жыл отасқан әйелін, ұлын көрсетті деп хабарлайды "Сенбілік таң" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Жанымда отырған Гүлжаһан Әкімбайқызы біздің ошақты жайнатып, үйімізді көркейтіп отырған келіншегім. Кезінде Алматыда қыз-жігіт болып жүргеннен жұбымыз жазылған жоқ. Тіс дәрігері.

Ал мынау Рүстем Алтынбекұлы менің ұлым. Заңгер. Ал Ақнәзік менің кенже қызым", - деді композитор.
Айта кетейік, Қоразбаев өзіне өнердің нағашы жұртынан келгенін жасырмай айтты.
"Анам керемет әнші болған. Маған дейін бірнеше баласы шетінеп кетіп, Менің құлағымды тесіп, шаш қойған", - деген Қоразбаев балалық шағын еске алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742057-altynbek-korazbaev-50-zyl-otaskan-kelinsegin-kpsilikke-krsetti-foto/