Беларусьтер қазақ жігіттерінің сымбатына ғашық болып қалды
Опубликовано:
Витебсктегі жұлдыздар аллеясынан орын алған Роза Рымбаева өзінің құрметіне ұйымдастырылған шараға бір өзі емес, қазақ батырларымен қоса келген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Славян базары" байқауына орай Беларусь еліне барған отандық әнші ел назарын өзіне қарата білді. Роза Рымбаева өзінің мәдениет саласындағы жетістітеріне орай арнайы жұлдыздар аллеясынан ойып тұрып орын алды.

Бұл мерекелік шараға ол өзімен бірге қазақтың алып батырларын да ерте келген. Өзінің қорғаушылары іспетті болып көрінген ер жігіттер қазақ батырларының киімдерінде болды.

Мұндай алып әрі сымбатты жігіттерді бұрын-соңды көрмеген беларусьтіктер тәнті болғандарын жасыра алмады. Көпшілік көрші елден келген батырлармен естелікке суретке түсіп жарысқан.

Сондай-ақ, отандық танымал әнші "Славян базарының" халықаралық аренада ұйымдастырылып жатқан аса маңызды байқау екенін де айта кетті.


Айта кетейік, Роза Рымбаева "Славян базары" байқауының ресми ашылуында Беларусь президентінің қолынан арнайы марапат алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742070-belaruster-kazak-zigitterini-symbatyna-gasyk-bolyp-kaldy/