Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықтан ұят": Көптің қошеметін көрген Жазира Байырбекова мұңын шақты

Опубликовано:

Танымал отандық әнші Жазира Байырбекова әр нәрсе туралы ойлана берудің қиын екенін айтып, ішіндегі мұңын шақты деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: juldizdar.kz
Сурет: juldizdar.kz: UGC

Әнші Instagram желісіндегі парақшасына жүрекжарды жазба қалдырып, күйеуінің өзін қалай жұбататынын айтып берді.

Жазира өзіне "Неге мен жалқаумын?", "Осы қошеметке лайықты болу үшін тағы не істеуім керек?" деген сауалдарды жиі қояды екен.

"Халықтың ортасына түскенде xалық мені құшақтап, сүйіп, қолымнан алып, шын жүректерімен жылы лебіздерін айтып, қатты қошеметтеген күні үйге келіп көзіме жас алдым.

Мені соншама xалық жақсы көретіндей мен xалық үшін не істедім. Аллам маған осындай бақ берді мен оны бағалай алып жүрмін бе? деген ойлар мазалайды", - деп жазады әнші.

Ал жұбайы Жанболат болса оған ештеңе жайлы уайымдамауға кеңес берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742308-halyktan-at-kpti-kosemetin-krgen-zazira-bajyrbekova-myn-sakty/

pixel