Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жыл бойы бойдақ жүрген отандық танымал тележүргізуші отау құрды

Опубликовано:

"Хабар" агенттігінің танымал тележүргізушісі Арман Сейітмамыт отбасын құрды. Он бес жыл бойы бойдақ болып келген азаматтың үйленгенін оның досы, белгілі тележурналист Бейсен Құранбек мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Арман Сейітмамыттың әріптесі өзінің Instagram парақшасында досының үйлену тойынан сурет жүктеп, қуанышты хабармен бөліскен.

Ол Хабар телеарнасының жүргізушісі он бес жыл бойы бойдақ болғанын да жасырмай айтты.

"Он бес жылдай үйлендіре алмай жүрген жолдасымыздың аяғы бүгін тұсалды. Бақыттан басы айналып жүрген бауырымның жүзіне қарап тұрып, осыған дейін оның неге асықпай жүргенін түсінгендеймін. Өзінің аққуын іздеп жүр екен ғой. Ал бауырым, қуанышың құтты болсын! Балтабай әкеміздің арманы орындалып, Әйгерім жыл аралатып жүкті болсын!", - деп жазды Бейсен Құранбек.

Желі қолданушылары танымал тележүргізушіге өз құттықтаулары мен жылы лебізді тілектерін жаудырған.

Айта кетейік, Арман Сейітмамыт Хабар арнасының жаңалықтарын жүргізіп, 24.kz арнасының шеф-редакторы мен директоры қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742357-15-zyl-bojy-bojdak-zrgen-otandyk-tanymal-telezrgizusi-otau-krdy/

pixel