RU

Жанар Айжанова малдың ұрғашы-еркегін ажырата алмайтын қазақ жігіттеріне шүйлікті

Ерекше дауысымен тыңдарманын баурап алатын Жанар Айжанова соңғы уақытта ененің рөлін ойнап, актрисалық қырымен жиі танылып жүр. Өнер иесі өзінің сахнадан бөлек өмірі жайлы сөз қозғап, тіпті малдың еркек-ұрғашысын ажырата алмайтын жігіттерге күйінді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанар Айжанова. Фото: halyq-arna.kz
Жанар Айжанова. Фото: halyq-arna.kz: UGC

"Аналар" бағдарламасына қонаққа келген әнші өзінің балалық шағы жайлы сыр шертті.

Шалқар өңірінің қызы бес қыз, екі ұлы бар үлкен шаңырақта өскен.

"Мен әлі күнге базарға барсам, қойымды ешкімге таңдатпаймын. Ол білгендігімнен ғой. Керек болса, сирағынан сүйреп алып шығам. Жігіттер балақтарын жел кеулеп көліктен түсіп жатады. Бірақ малдың ұрғашысы мен еркегін ажырата алмай жатады. Тоқтыны алып кетіп бара жатады. Бірақ оның еті сасық болады ғой. Мен тек қана саулық жеймін", - деді ағынан жарылған әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742989-zanar-ajzanova-maldy-rgasy-erkegin-azyrata-almajtyn-kazak-zigitterine-sjlikti/