Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әртіс Жұлдызай жалғыз қызының орыс тілінде сөйлейтінін айтты

Опубликовано:

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жалғыз қызының орыс тілінде сөйлейтінін мақтаныш етіп, айтып берді деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: Juldizdar.kz
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: Juldizdar.kz: UGC

Нұржан Төлендиевпен бірге "Алдараспан" театрында өнер көрсеткен әртіс қызы Аянат жайлы сырымен бөлісті.

"“Қызым тәтті, суретші болатын сияқты. Үйдегі бір қабырғаны сол кісіге арнадық. Суретті дәптер мен альбомға емес, бірден қабырғаға саламын дейді.

Неге екенін білмеймін, қызымның тілі орысша шықты. Түстердің барлығын ағылшынша айтады. Қазақша “қызыл сөмкеде жатыр” десең түсінбейді. "Red" сөмке деп айтатын болдық. “Мама, не оставляй меня. Вчера тебя не было, я упала" дейді. Жүрегім ауырып кетті.

"Әлди-әлди" деп әндетіп жүр. Жақсылыққа балап отырмыз енді. Біржола декретке шығып, қайта оралсам деп тұрмын", – деп өз жоспарын жеткізді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1745159-tanymal-rtis-zldyzaj-zalgyz-kyzyny-orys-tilinde-sjlejtinin-ajtty/

pixel