Сәбилі болған Бағлан Әбдірайымовтің достары перзентханада концерт қойды (видео)
Опубликовано:
Жуырда танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің орындаушысы Бағлан Әбдірайымов екінші рет сәбилі болғанын айтып, елден сүйінші сұраған болатын. Бүгін әнші қызы мен жұбайын перзентханадан шығарып алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы белгілі журналист Анна Данченконың Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол: "Мұндай бақытты сәттерден қалмаушы едім, әттең-ай қазір демалыстамын. Бауы берік болсын!", - деп жазған.
Ол әншінің сәбиін перзентханадан шығарып алыған сәтінің видеосын жария етті.
Әншінің қуанышына ортақтаса келген достары мен әріптестері перхентхана алдында концерт қойып, домбырамен әуелете ән айтты.
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, "Үлкен азаматша болсын", "Ғұмыр жасы ұзақ болсын" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1747729-sbili-bolgan-baglan-bdirajymovti-dostary-perzenthanada-koncert-kojdy-video/