Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызыл кілемге халатпен шыққан отандық әнші қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық Muzzone арнасы биыл жетінші мәрте өткізген "ЕМА-2018" музыкалық жүлдесін табыстау кешінде қызыл кілемге спорттық киімнің сыртынан халат киіп шыққан әнші Ғазизхан көптің сынына ұшырады деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық әншілердің орындауындағы бірнеше хит әннің авторы бұл жолы образын өзгерткісі келсе керек, концерттік кешке де ерекше киім таңдапты.

Жасыл түсті спорттық киім мен мойнына алтын түстес шынжыр салған Ғазизхан басына орамал тағуды да ұмытпаған екен.

Әншінің қызыл кілемдегі жүрісі де ел назарын өзіне аудартты.

Әзіл-қалжыңға жақын жүретін композитордың жазуынша, үстіндегі ақ халат қонақ үйге тиесілі екен.

Бұл қадамға "көңілді жүру үшін" барған Ғазизханның желідегі оқырмандары оны біраз сынның астына алып та үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1749773-kyzyl-kilemge-halatpen-sykkan-otandyk-nsi-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel