"Жүрегім бос емес": Шахизада жаңа әнінің сүйіктісіне арналғанын жайып салды
Опубликовано:
Отандық танымал әнші өзінің жеке өмірі туралы бар шындықты айтып қойды. Күйеуінен ажырасып кеткен Шахизаданың бүгінде жүрегі бос емес болып шықты. Оған қоса, ол жаңадан шыққан әнінің сүйіктісіне арналғанын жеткізді деп жазады "Әйел сыры" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы отандық бағдарлама аясында жеке өмірі туралы құпиясымен бөлісті. Шахизада бүгінде жүрегі бос емес екендігін айтып, бағдарлама жүргізушілерін таңғалдырды.
Жаңадан шыққан "Ойымадсың" әнін отандық жұлдыз өзі ғашыө болған ер адамына арнағанын да жасыпмады.
"Әрбір әннің шығуына бір адам себепкер болады. Бұл махаббат әні де өзімнің ойымнан кетпейтін ер адамға арналған. Ән жайдан-жай шықпайды. Ғашық болдым. Солай ән шықты. Ол адам әлі де бар.", - деп айтты ол.
Алайда, екі рет тұрмыста болған әнші тағы бір мәрте қалындық атануға әзірге ойы да жоқ екенін жеткізді.
"Тұрмысқа шықпаймын. Балалар болса өсіп қалды. Бірақ өмірде бәрі мүмкін ғой. Енді үлкен сезім болып жатса, қасымда арқа сүйер азаматтың болуына қарсы емеспін", - деп қорытындылады Шахизада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750057-zregim-bos-emes-sahizada-zaa-nini-sjiktisine-arnalganyn-zajyp-saldy/