Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ардақ Назаровтың айдай сұлу келіншегі көрерменмен қайта қауышты (фото)

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Маржан Болатханқызы телевидение саласына қайта оралды. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровтың жары атанып, үш баланы дүниеге әкелген журналист Ұлттық арна көрермендерімен қауышты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ардақ Назаровтың айдай сұлу келіншегі эфирге қайта оралды (фото)
Маржан Болатханқызы. Фото: instagram: UGC

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасының Instagram желісіндегі ресми tansholpan_tv парақшасында белгілі болды.

"«Таңшолпанмен» таласып тұратын көрермен, қайырлы таң! "Беріктің қасындағы жаңа жүргізуші кім деп ойлайсыз?" деген сұраққа Маржан Болатxанқызы деп жауап бергендер дұрыс тапты.

Араға бірнеше жыл салып қыздарыңыз өздеріңізбен қайта қауышты. Қабыл алыңыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, Ұлттық арнада қызмет етіп жүрген тележүргізуші тұрмысқа шығып, ана атанған соң ұзақ уақыт декреттік демалыста болған еді.

Бүгінде жұбайымен бірге үш баланы тәрбиелеп отырған Маржан Болатханқызы енді барша қазақ елін "Таңшолпанмен" оятатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасы күні кеше жаңа маусымын бастады. Уәде етілгендей, көрерменнің сүйікті жүргізушілері эфирге қайта оралып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1750998-ardak-nazarovty-ajdaj-slu-kelinsegi-krermenmen-kajta-kauysty-foto/

pixel