Аша Матай анасының 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті
Опубликовано:
Танымал тележүргізуші анасының 50 жас мерейтойын Алматы төрінде дүркіретіп өткізді. Аша Матайдың отбасындағы болып жатқан қуанышқа ортақтасып отандық шоу-бизнес қаймақтарының бәрі жиналған деп жазады NUR.KZ.
Күні кеше отандық танымал тележүргізуші анасының туған күнін дүркіретіп атап өтті. Баян Алагөзованың туған әпкесінің 50 жасқа толуына орай, қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдыздары құттықтай келген.
Олардың қатарында Мадина Сәдуақасова, Қайрат Әділгерей, "Кешью" тобы, Кәмшат Жолдыбаева, Жанболат пен Жазира, Бүркіт пен Аиша, "Жігіттер" квартеті және тағы да басқалары бой көрсетті.


Жұлдызды қонақтар Батес ханымның туған күнінде өзінің үздік әндерін шырқады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751159-asa-mataj-anasyny-50-zas-merejtojyn-drkiretip-atap-tti/