Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдағиыма рахмет": Гүлзира Айдарбекова өзінің кіші келініне ән арнады (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық әйгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова кіші келініне ән арнады. Екінші ұлының сүйіп қосылған келіншегінің туған күніне орай шығарылған туынды көпшілікті таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Үш бірдей ұлдың анасы желідегі парақшасында үнемі келіндерін мақтап, өзгелерге үлгі етіп отырады.

Оларды өз қыздарындай жақсы көріп кетсе керек, Айдарбекова ханым тіпті Аянның әйеліне ән де арнаған.

Айгерім есімді келінін туған күнімен құттықтаған продюсер ағынан жарылып тілек білдірді.

"Жаны да өзі де сұп-сұлу, Айгерімім, ботам сол! Туған күнің құтты болсын! Алла өміріңді ұзағынан етіп, ұлды-қызды нағыз бақытты ана болуыңды жазсын!

Осындай періштедей адал, кең пейіл, ақ жарқынды мінезіңмен жан ұямызға нұрыңды шаша бер! Сені өмірге алып келген, Алиxан құдамызға, Дана құдағиыма алғысымыз шексіз!

Аян екеуіңнің бақытыңды баянды етсін Алла! Біз сені жақсы көреміз! Ботам сол, сен бақытты болуға лайықтысың! Өзімнің айтуымдағы сиясы кеппеген әнімді қабыл ал!, - деп жазады ол желідегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751242-kdagiyma-rahmet-glzira-ajdarbekova-zini-kisi-kelinine-n-arnady-video/

pixel