jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Тым артық": Мадина Сәдуақасова ашық киінетін Кәмшат пен Жанар туралы не ойлайды?

    : UGC

    Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова ашық-шашық киінетін жұлдызды әріптестері жайлы өз пікірін білдірді. Ол жартылай жалаңаш жүргені үшін жиі сынға қалатын Кәмшат Жолдыбаева мен Жанар Дұғалова туралы не ойлайтынын айтты деп хабарлайды "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Мәдина Сәдуақасова Гәкку FM радиосындағы бағдарламаға берген сұхбатында ашық киінуден жасқанбайтын отандық шоу-бизнес өкілдері жайлы өз ойын айтты.

    Ол ұятты жерлерін жұртқа көрсететін образдардан қашпайтын Кәмшат Жолдыбаева мен Жанар Дұғаловаға қатысты пікір білдірген.

    Әнші орта жастан асып кеткендерге ашық киіну жараспайтынын алға тартып, осыған қатысты "ұят" тақырыбы бұрындары қатты көтерілмегенін айтты.

    "Орта жастан әлдеқайда асып кеткендердің ашық-шашық киінуі енді тым артық, тіпті жараспайды десем де болады. Алайда, бұған дейін бұрындары батыл образдарды кию ұят саналмайтын. Оған ешкім мән бермейтін де, қазір болса киген киімнің екіден бірі ұят саналады", - деп айтты Мадина Сәдуақасова.

    Жүргізушінің "Жартылай жалаңаш образдар үшін әншілердің еститін сыны олардың шығармашылығына кері әсерін тигізеді ме?" деген сауалына да әншініңберер жауабы дайын болды.

    "Сын салдарынан шығармашылығы тоқтап қалған әртісті көргем жоқ. Кәмшат пен Жанардың өнері қысым көріп, не болмаса ашық киімдері үшін ұялып жабық киініп жатқандарын да байқамадым", - деп айтты әнші.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.