Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Алагөзова ата-анасын тілдеген оқырмандарын балағаттап тастады

Опубликовано:

Отандық танымал продюсер өзінің ата-анасына тіл тигізген оқырмандарымен жанжалдасып, оларды балағаттап тастады. Баян Алагөзова өз туғандарына қатысты пікір білдірген желі қолданушыларын орнына қойды деп жазады NUR.KZ.

Баян Алагөзова өзінің парақшасына ата-анасының алдыда келе жатқан "алтын тойына" дайындықты бастап кеткендері туралы жазған. Instagram желісіне жантебірентерлік жазба қалдырған отандық продюсер ақыр-соңы өз оқырмандарымен ұрысып тыңған.

"Жарты ғасыр бұрын өз адамыңды тауып, онымен бақытты өмір кешу қандай бақыт. Мен әкенің сөзі - заң, ал ана болса ең ақылды әйел бола білген керемет отбасыда туылдым. Меніңше әкеге деген құрмет ананың тәрбиесі арқылы беріледі. Егерде ол ақылды болса, бала ата-ананы бөліп жармауы тиіс.
Ер адам әрбір әйел үшін бірінші орында болуы тиіс. Әке әрбір қыз үшін де сондай болуы орынды. Біз отбасымызбен жаппай ата-анамыздың "алтын тойына" дайындалып жатырмыз", - деп жазған Баян.

Осы жазбаға қатысты өз пікірлерін қалдырған продюсердің оқырмандары оның ашуына қатты тиген көрінеді. Желідегілердің жағымсыз пікірлеріне шүйліккен Алагөзова оларға қарсы жауап айтып, ақыр-соңы ата-анасына тіл тигізгендерді балағаттап тастады.

Алайда, артынан танымал продюсер жазба астындағы пікірлердің барлығын өшіріп тастап, өзіне комментарий жаза алмайтындай шектеу жасап қойған.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1751885-baan-alagzova-ata-anasyn-tildegen-okyrmandaryn-balagattap-tastady/

pixel