Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасовадан көзін алмай тамсанған отандық әзілкеш талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Мадина Сәдуақасова өзі қатысқан бағдарлама жүргізушісін тәнті етті. Отандық әншіден көзін ала алмай тамсанған Олжас Сыдықбек ел назарына ілігіп, көптің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова қызықты видеосын өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Бейнежазбада отандық әнші ән салып тұрғанда оған көзін алмай қараған бағдарлама жүргізушісі бой көрсетті.

Тұрсынбек Қабатовтың театрында өнер көрсеткен әзілкеш Олжас Сыдықбектің Мадинаға тамсана қарап тұрғаны желіде қызу талқыланған.

Әнші жүктеген видеосының астына мынадай жазба қалдырған:

"Олжас Сыдықбектің көзқарасынан, не түсіндіңіздер? Ән бір сәттерді есіне түсірген сияқты, менің ойымша"

Сәдуақасованың екі ойлы жазбасына үлкен күдікпен қараған желі оқырмандары әзілкеш пен әншінің бұрындары көңіл жарастырғанын болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752439-madina-sduakasovadan-kzin-almaj-tamsangan-otandyk-zilkes-talkyga-tsti-video/

pixel